Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 466 657
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
248 358 754 516
Келіп түскен өтініштер
24 072

Жаңалықтар

Қордың Қоғамдық-консультативтік кеңесінің құрамы жаңартылды

Қоғамдық-консультативтік кеңесті шақыруды Қор қызметінің ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ету үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылығы бастама етті. 

2024 жылы Кеңестің жаңартылған құрамына Парламенттің депутаттары, денсаулық сақтау, экономика салаларының сарапшылары, медицина ұйымдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері енді (тізім қоса беріліп отыр).

Бірінші отырыс барысында Кеңестің төрағасын сайлау өткізілді. 2022 жылдан бастап С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін басқарып келе жатқан Марат Шоранов ашық дауыс беру тәртібімен Кеңестің төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын ҚКК бірнеше мүшесі денсаулық сақтау саласын басқару деңгейімен қатар, денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында зор жұмыс тәжірибесін назарға ала отырып ұсынған болатын. 

Төрағаның орынбасары болып қоғам қайраткері, «Подранки-Шарасыздар» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалия Тобатаева сайланды.

Қоғамдық-консультативтік кеңестің бірінші отырысында МӘМС жүйесін реформалау, оның ішінде ұсынымдар әзірлеу, Қор қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен ашықтығын жоғарылату, азаматтардың жүйеге деген сенім деңгейін арттыруды ескере отырып биылғы жылғы міндеттері айқындалды. 

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері Қордың стратегиялық міндеттеріне (қамту, актуарлық есеп айырысу, қаржылық тұрақтылық), медициналық көмекті ұйымдастыру мен сапасына (мониторинг, стандарттар мен КП бойынша ұсыныстар), сондай-ақ жеткізушілермен жұмыс істеуге (сатып алу, көмек түрлері, төлем ережелері) қатысты жұмыс бағытын анықтау қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

Қоғамдық-консультативтік кеңестің жаңа құрамының жұмысы Қордың сайтында жарияланып отыратын болады. 

2943744b-d4ee-4955-9df2-88bf503d3090.jpg

398edafa-634e-4635-ba69-e1f9f10af581.jpg