Баспасөз-орталығы

СЕМЕЙДЕ ІРІ БУЫНДАРДЫ ЭНДОПРОТЕЗДЕУ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛАДЫ


Семейдің  Жедел медициналық жәрдем ауруханасында иық буынын протездеу бойынша кезекті күрделі операция өтті

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігерлері 72 жастағы науқасқа иық буынын эндопротездеді. Құны бір миллион теңгеден асатын ота МӘМС жүйесінде тегін жүргізілді. 

Медициналық мекемені Политравма орталығының меңгерушісі Дарын Бақтыбаевтың айтуынша, әйел көшеде оң қолына құлап, көпфрагментті сынық алған. 

«Науқас политравма және ортохирургия орталығына оң жақтағы иық сүйегінің басы мен анатомиялық мойнының жабық көп фрагментті сынуы диагнозымен, сүйек сынықтарының орын ауыстыруымен түсті. КТ тексеруден кейін операция жасау туралы шешім қабылдадық. Осылайша 72 жасар Семей тұрғынына оң иық буынын эндопротездеу операциясын жасадық. Операциядан кейін науқасқа амбулаториялық ем тағайындалды. Алдағы уақытта пациентіміз оңалтудан өтетін болады», - деді Дарын Бақтыбаев. 

Хирургтың айтуынша, мұндай операция шамамен бір жарым сағатқа созылады. Ол дәрігерден үлкен біліктілікті мұқияттылықты шеберлікті талап етеді. Себебі жақын жерде нервтер мен тамырлардың үлкен шоғыры бар. Сонымен қатар, орталық мамандары жамбас, тізе, иық буындарын протездеуді сәтті жүргізеді, бұл операциялар өте күрделі және қымбат.

Политравма орталығында атап өткендей, барлық операциялар МӘМС қаражаты есебінен пациенттер үшін тегін жүргізіледі. Өткен жылдың өзінде Семей қаласының ЖМЖА дәрігерлері ірі буындарға 251 эндопротездеу жүргізді.
 
«Бүгінде көптеген адамдар буынды ауыстыру стандартты хирургия деп есептейді. Бірақ эндопротездеу ауруды емдемейді, тек өмір сапасын жақсартады. Операцияны бүлінген бөлікті ауыстыру ретінде қарастыруға болмайды. Егер сіз осы мамандандырылған көмекке жүгінген болсаңыз, болашақта барлық ұсыныстарды сақтау керек, МӘМС аясында оңалту курстарынан уақытында өту керек, сол кезде жасанды буын ұзақ уақыт тиісті қызмет етеді» — деді өз сөзінде  Политравма орталығының меңгерушісі Дарын Бақтыбаев.