Сақтандырылған және сақтандырылмаған пациенттер
САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАР:
- МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды тұрақты төлеушілер
- 15 жеңілдікті санаттағы азаматтар (жарналар мен аударымдарды мемлекет төлейді)
- жарналар мен аударымдардан босатылғандар
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАР:
МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды төлемегендер:
- жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмегендер
- жарналар мен аударымдар бойынша берешегі барлар
- ақпараттық жүйелерге деректері дұрыс енгізілмеген, бірақ жеңілдікті санаттардағы немесе МӘМС-ке жарналар төлеуден босатылған адамдар
- жұмыс берушілердің кінәсінен немесе өткен кезеңдер үшін берешегі бар жұмыс істейтін азаматтар
- ЕАЭО елдерінен келген заңсыз еңбек мигранттары (Армения, Қырғызстан, Беларусь, РФ)
- жүктілігі бойынша есепке тұрмаған жұмыс істемейтін жүкті әйелдер