Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Қор туралыКорпоративтік басқаруҚор стратегиясыКорпорациялық оқиғалар күнтізбесіБайланысМемлекеттік сатып алуларҚаржылық есепЖұмыс органыСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Жұмыс органы

Құрметті азаматтар!

Құрметті пациенттер!

 

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында    біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін  пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды.   

Бұл бағдарлама  қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.  

Егер Сізде  немесе сіздің балаңызда Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген  аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізім)  енгізілген аурулар  болған жағдайда  бюджет қаражаты есебінен  шетелде ем ала аласыз. Қағидамен төменде таныса аласыз.  

Анықтама үшін:

Көрсетілімдері болған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 18 жасқа дейінгі балалар.

Сондай-ақ,  ересектер үшін бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесі бар.

Олар қандай аурулар?

1. Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ, кибер-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері.

      2. Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артериялық-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер.

      3. Трансоралдық алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.

      4. Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ кибер-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері.

      5. Кератопротездеу.

      6. Ересектер мен балалардың сүйек кемігін аутологиялық және туысқандық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіндердің бөліктерін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауды талап ететін аурулар, мөлдірқабықты транспланттау.

      7. Өңеш стеноздары.

      8. Трахея стеноздары.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерді атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері.

Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін  ауру  расталған   жағдайда,  сондай-ақ,  медициналық  мекемелерде  қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістері оң  әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты  жеріңіздегі  бейінді маманға бейінді   республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.      

Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» комерциялық емес акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге  емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.

Науқастың құжаттар  пакетін  алған күннен бастап  Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне  пациент туралы деректерді КҮТУ ТІЗІМІНЕ (сілтемеге басыңыз)  енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады.

Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді  Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобының жолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.       

Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз.

Байланыс ақпараты

Шетелде емдеуді ұйымдастыру Департаменті

Қабланбаеа Эльмира Талхаевна, 8 (7172) 67 41 06, директор, e-mail: e.kablanbayeva@fms.kz

Монтаева Дамель Жарылкасымовна, 8 (7172) 67 40 99,  email: d.montayeva@fms.kz      

Шайкина Эльмира Мырзатовна, 8 (7172) 67 41 02,  email: e.shaykina@fms.kz     

Абенова Назым Есмуханбетовна, 8 (7172) 67 41 04, email: n.abenova@fms.kz

Жамбыл Әсия Асқарқызы, 8 (7172) 67 40 98,  email: a.zhambyl@fms.kz     

Рахимбекова Жанар Турсыновна, 8 (7172) 67 41 04,  email: zh.rahimbekova@fms.kz