Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жұмыс беруші Жеке кәсіпкер Шаруа қожалығының мүшесi Шаруа қожалығының иесi Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға Жалдамалы жұмыскер Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары Өзге тұлғалар

Жеке кәсіпкер

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ

ЕГЕР СІЗ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, ЖЕКЕ МЕНШІК НОТАРИУС, АДВОКАТ, КӘСІБИ МЕДИАТОР БОЛСАҢЫЗ 

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - Жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін 

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап - қарамағындағы жұмыскерлер үшін жұмыс беруші ретінде 

КІМ ҮШІН?

Өзі үшін және қарамағындағы қызметкерлер үшін. Жеке кәсіпкер ретінде - өзі үшін, жұмыскерлері үшін - жұмыс беруші ретінде

ҚАНША?

2018-2019 жылдары - ӨЗІ ҮШІН төлемейді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 2 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – 5% көлемінде

ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАСАЛАТЫН АУДАРЫМДАР

(Нұсқаулықты қараңыз).

 

МЕН НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?

1 қадам.

МӘМС төлемдерін банктің немесе «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы аудару.

Жарнаны ай сайын немесе әр ай үшін аванс түрінде төлем хабарламасы/тапсырмасы/ арқылы төлеуге болады.

Жұмыс берушілерге арналған төлем коды: 121

Жеке кәсіпкерлерге арналған төлем коды: 122

 

МАҢЫЗДЫ:

Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз

 

2 қадам:

Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз

Егер ақша кері қайтарылмаса, Сіздің жұмыскерлеріңіз сақтандырылғандар тізіміне енгізілді деген сөз.

Егер ақша кері қайтарылған болса, деректерді қайта тексеріңіз.

 

Жиі кездесетін қателер

•  Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетілмеген

•  Мөлшерлеме қате есептелді және жарна есептеу объектісі 15 ЕТЖ асып кеткен

 

3 қадам:

Есептілікті дайындау және салық әкімшілігіне тапсыру

 

4 қадам:

Жұмыскерлеріңізге сақтандыру төлемдерінің аударылғаны туралы хабарлаңыз

 

АЙЫППҰЛДАР:

Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді.

 

МАҢЫЗДЫ:

Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды.

 

САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

 

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:

3) стационарлық көмек:

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.