Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жұмыс беруші Жеке кәсіпкер Шаруа қожалығының мүшесi Шаруа қожалығының иесi Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға Жалдамалы жұмыскер Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары Өзге тұлғалар

Жалдамалы жұмыскер

ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕР

ЕГЕР СІЗ ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСКЕР БОЛСАҢЫЗ

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын. Жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлер төлейтін жарнаны ұстап, қорға аударып отырады. 

КІМ ТӨЛЕЙДІ?

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші Сіз үшін аударым жасайды (осы жерден қараңыз). Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші Сіздің айлығыңыздан жарна ұстайды және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

ҚАНША?

2020 жылы жалақының 1%, 2021 жылы - 2%

 

МЕН НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?

1) Жұмыс беруші Сізге МӘМС  жүйесіне төленген жарналар мен аударымдар туралы хабарлап отыруы тиіс 

2) Сіз МӘМС жүйесіне жасалған төлемдерді e-gov.kz порталы  немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары  арқылы тексере аласыз.

 

НЕНІ БІЛУІМ КЕРЕК?

1) Міндетті сақтандыру пакетін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана аласыз

2) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз еркіңізбен таңдай аласыз. Емхананы қалай таңдайды? (Нұсқаулықты қараңыз)

 

САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

 

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:

3) стационарлық көмек:

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.