Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

Заңгерлік МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАС САРАПШЫ (Алматы облысы бойынша филиал)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұданәрі - Қор) Қордың Алматы облысы бойынша филиалына «Заңгерлік мәселелер жөніндегі бас сарапшы» лауазымына конкурстық іріктеу жүргізілетінін хабарлайды.

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Байланыс телефоны: 8 7172 647 039

Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылдың  26 мамыры мен 1 маусымы аралығы.

Үміткергеқойылатынталаптар:

Білімі: заң саласындағы жоғары білім

Мамандық бойынша еңбек өтілі: кем дегенде 2 (екі) жыл

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті білім:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР-ның Азаматтық, Азаматтық-процессуалдық, бюджеттік, кәсіпкерлік, Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдертуралы» (Салық кодексі) Кодекстерін, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білу;
  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жән есаяси құжаттарын білу.

Мiндеттерiн орындауға қажеттi дағдылар:

• MicrosoftOffice, Outlook бағдарламасын жетік білу;

• Іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу тәртібін білу;

• аналитикалық материалдарды құрастыру мүмкіндігі;

• кеңсе жұмысын ұйымдастыру және басқарушылық негіздерді;

• Тиісті ақпаратты тез табу мүмкіндігі;

• Көшбасшылық қасиеттерінің болуы, командадамен жұмыс істей білу, тілтабысқыштық (қарым-қатынас орната білу және адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ұмтылу).

Функционалдық міндеттері:

- мәмілелер (келісімшарттар) жобаларының құқықтық сараптамасын әзірлеу және енгізу;

- Қордың ішкі құжаттарының жобаларын әзірлеу;

- Қордың нормативтік құқықтық актілерінің, ішкі құжаттарының жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;

- шағым-талап қою жұмыстарын жүргізу;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Қордың мүддесін қорғау және өкілдік ету.

 

 

 

 

Нақтырақ