Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

Тарифтерді әзірлеу, модельдеу және мониторингтеу департаментінің директоры

ВАКАНСИЯ ЖАБЫҚ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Тарифтерді әзірлеу, модельдеу және мониторингтеу департаментінің директоры қызметіне конкурстық іріктеу жариялайды.
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 14/3, (11 қабат)
Байланыс телефоны: 8 7172 647 031
Бос лауазымға құжаттарды (түйіндемелерді) қабылдау мерзімі: 2018 жылы 27 желтоқсан мен 2019 жылы 2 қаңтар аралығы
Білімі: жоғары медициналық және / немесе экономикалық білім
Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл, денсаулық сақтау саласында еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс
Жетекші лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: кем дегенде 2 жыл (ерекше жағдайларда, басшылықпен келісе отырып)
Мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi дағдылар:
• Microsoft Office бағдарламаларымен, соның ішінде Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Power Point, Outlook бағдарламалары, озық пайдаланушы деңгейінде жұмыс істей білу;
• Көп ақпаратпен жұмыс істей білу және аналитикалық есептер дайындау
• Іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу тәртібін білуы
• Қазақ және орыс тілдерін білу (ағылшын тілі – қошталады)
Функционалдық міндеттері:
• Медициналық қызметтерге арналған тарифтерді есептеу үшін іс жүзіндегі шығындарға қатысты деректерді жинау, салыстырып тексеру, өңдеу және талдау процесіне қатысу;
• Медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жетілдіруге қатысу;
• денсаулық сақтау саласындағы тарифтік саясатты жетілдірге қатысты ұсыныстар әзірлеу жұмыстарын үйлестіру;
• Нормативтік-құқықтық актілерге тарифтердің сәйкестігін бағалау жұмыстарын үйлестіру;
• Департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен хаттарды, шағымдар мен өтініштерді белгіленген тәртіпте объективті әрі уақтылы қарау;
• өз қарамағындағы мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар әзірлеу;
• МӘМС және ТМККК саясатын жетілдіру саласындағы аналитикалық жұмыс.

Нақтырақ