Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Тамыз айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеге жуық жарна түсті

04 September 2018

Тамыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теңге көлемінде жарна аударылды.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 97 млрд теңгеге жетті.

Оның 88,4 млрд теңгесі (91% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге  (9% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

 

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.