Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Сәуір айында 9,5 млрд теңгеден астам сақтандыру жарнасы түсті

06 мамыр 2019

Биылғы сәуір айында Медициналық сақтандыру қорына аударылған жарна мөлшері 9,5 млрд теңгеге жетті.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейінгі аралықта Қорға 167,2 млрд теңге түсті. Аударымдарды жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар, сондай-ақ жұмыс берушілер аударған.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 94,8% немесе 158,5 млрд теңгесі жұмыс берушілерге, 5 проценттен астамы немесе 8,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санатқа тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерік басқару туралы келісімшарт бекітілген.