Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) «Стратегия және корпоративтік басқару департаментінің аға менеджері» бос қызмет орнына конкурс жариялайды (қызмет саласы - даму стратегияларын әзірлеу және бақылау, сызба картасын құру, халықаралық қатынастарды дамыту).

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан, Достық көшесі, 13/3 (15-қабат),

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды қабылдау (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 12-18 мамыр аралығы

Үміткерге қойылатын талаптар.

Білімі: жоғары экономикалық / заңгер.

Шетелдік университеттің дипломы қабылданады.

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: стратегиялық менеджмент, қаржы институттарындағы мемлекеттік басқару, аналитикалық орталықтар, консалтингтік компаниялар саласында кемінде 3 жыл.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім, білік және шеберліктер:

  • сратегиялық менеджмент теориясы мен практикасын, тиімділіктің

негізгі көрсеткіштерін әзірлеу және бақылау, макроэкономикалық және қаржылық талдау, сақтандыру, бюджеттеу тәжірибесі;

  • шетел консультанттарымен және серіктестерімен жұмыс жасау кезінде

нақты әдебиеттерді және іс қағаздарын түсіну үшін ағылшын тілін білу;

  • командалық жұмыс шеберліктері;
  • қойылған міндеттерді уақытында тиімді шешуге қол жеткізу;
  • әдістемелік және аналитикалық материалдарды, нормативтік-құқықтық

актілерді әзірлеу;

  • жоба нәтижелеріне қол жеткізу үшін жауапкершілікті өз мойнына алу;
  • Іскерлік, қызметтік хат алмасу, келіссөздер жүргізу шеберліктері;
  • ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу.

Негізгі фунционалдық міндеттері:

  • қордың Даму стратегиясына ұсыныстар әзірлеу, Қордың Даму

стратегиясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қажетті ақпаратты іздеу, синтездеу және талдау;

  • қордың негізгі қызмет көрсеткіштерін бекіту, ұсыныстарды әзірлеу,

әзірлеу, Қордың жұмысының негізгі көрсеткіштеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қажетті ақпаратты іздеу, синтездеу және талдау;

  • медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастырудың заңнамалық базасын және нормативтік құқықтық актілерді  жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу;

  • Қор қызметінің бағыттары бойынша басқа да стратегиялық құжаттарды

әзірлеуге қатысу;

  • Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың халықаралық тәжірибесін

зерделеу;

  • аналитикалық материалдарды дайындау (аналитикалық жазбалар,

презентациялар, сөз сөйлеулер);

  • медициналық сақтандыру бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу.

 

 

 

Нақтырақ