Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

Шет елде емдеуді ұйымдастыру департаментінің аға менеджері

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Шет елде емдеуді ұйымдастыру департаментінің менеджері бос лауазымына конкурстық іріктеу туралы хабарлайды.

Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 14/3, (11 қабат)

Байланыс телефоны: 8 7172 647 031

Бос лауазымға құжаттарды (түйіндемелерді) қабылдау мерзімі: 2019 жылдың қаңтардың 9 мен 15 аралығын қоса алғанда

Кандидатқа қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары экономикалық, медициналық, техникалық (және / немесе) заңгерлік

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: денсаулық сақтау саласында 3 (үш) жылдан кем жұмыс тәжірибесі

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және денсаулық сақтау саласындағы негізгі нормативтік-стратегиялық құжаттар туралы

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен емдеуге, оның ішінде шетелде емделуге өтініш білдірген азаматтарды отандық медициналық ұйымдарға жіберу туралы мәселелер бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

Ағылшын тілін Intermediate деңгейден төмен емес білу.

Мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi дағдылар:

Microsoft Office бағдарламаларымен, соның ішінде Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Power Point, Outlook бағдарламалары, озық пайдаланушы деңгейінде жұмыс істей білу;

Көп ақпаратпен жұмыс істей білу және аналитикалық есептер дайындау

Іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары

Қазақ және орыс тілдерін меңгеру, ағылшын тілін білу қошталады

Функционалдық міндеттері:

Комиссия отырысына ұсыну үшін әр науқас бойынша құжаттар пакетін дайындау, науқастарды шетелде бюджет қаражаты есебінен емдеуге жіберу туралы ұсыныстарды дайындау;

балалар және ересектер нозологиялары бойынша шетелдік және отандық клиникалардың дерекқорын жаңарту;

 бюджет қаражаты есебінен шетелде емделу үшін ҚР азаматтарын жіберу мәселелері бойынша үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстары;

Отандық медициналық ұйымдарда бюджеттік қаражат есебінен шетелдік сарапшыларды тарту арқылы шеберлік сабақтарын өткізу бойынша үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;

Шетелдік медициналық ұйымдарға және отандық клиникаларға жіберілген науқастардың емдеу нәтижелерін уәкілетті органға кейіннен ұсыну үшін мониторинг жүргізу;

Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте объективті және уақтылы қарау;

Қадағаланатын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар әзірлеу.

Комиссияның хаттамалық шешімімен анықталған медициналық ұйыммен келісім жасасу, одан кейін келісім бойынша медициналық қызмет көрсету үшін шарттардың орындалуын бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нақтырақ