ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ
ЕГЕР СІЗ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ (ШҚ) ИЕСІ БОЛСАҢЫЗ (ШҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛЫП САНАЛМАЙТЫН)
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Өзіңіз үшін
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 ЕТЖ-ның 5% мөлшерінде
Жарнаны алдын ала, 3, 6 немесе 12 айға төлеп қоюға болады
МӘМС төлемдерін банктің немесе «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы аудару.
Жарнаны ай сайын немесе әр ай үшін аванс түрінде төлем хабарламасы/тапсырмасы/ арқылы төлеуге болады.
Төлем коды: 122
Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз
Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз
Егер ақша кері қайтарылмаса, Сіздің жұмыскерлеріңіз сақтандырылғандар тізіміне енгізілді деген сөз.
Ақша кері қайтарылған жағдайда, деректерді қайта тексеріңіз.
Жиі кездесетін қателер
• Алушының ЖСН немесе аты-жөні дұрыс көрсетілмеген
• Мөлшерлемелер қате есептелді
Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді.
Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды.
1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):
2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):
4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).
Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:
1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:
4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;
5) профилактикалық екпелер.