Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жұмыс беруші Жеке кәсіпкер Шаруа қожалығының мүшесi Шаруа қожалығының иесi Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға Жалдамалы жұмыскер Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары Өзге тұлғалар

Шаруа қожалығының иесi

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ИЕЛЕРІНЕ

ЕГЕР СІЗ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ БОЛСАҢЫЗ

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ?

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап - қарамағыңыздағы жұмыскерлер үшін

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - өзіңіз үшін

КІМ ҮШІН?

Өзі үшін және қарамағындағы жұмыскерлері үшін. Өзі үшін - ЖК ретінде, жұмыскерлері үшін - жұмыс беруші ретінде.

ҚАНША?

ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАСАЛАТЫН АУДАРЫМДАР:

2017 жылы жұмыскер жалақысының 1%, 2018-2019 жылдары 1,5%, 2022 жылдан бастап 3% 

!!! Маусымдық жұмыстарды атқаратын қызметкерлер үшін жұмыс істеген уақыт үшін ғана жарна төленеді. Қазақстан республикасы Еңбек кодексінің 30 бабы, 1 тармағы 5) тармақшасына сәйкес, еңбек келісімшарты маусымдық жұмыстарды атқару уақытына ғана жасалады.

Еңбек келісімшартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыскерге жарнаны өз бетінше төлеу қажеттігін айтып жеткізу қажет 

Олар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 1 ЕТЖ-ның 5% көлемінде жарна аударады

МАҢЫЗДЫ:

Жұмыс беруші 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің табысынан ай сайын 1 пайыз көлемінде жарна ұстап, қорға аударып отырады. Бірақ бұл жарна жеке тұлғаның жалпы табысының жиынтығынан алынады және жарна алынатын табыс көлемі он бес ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс. 

 

МЕН НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?

1 қадам.

МӘМС төлемдерін банктің немесе «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы аудару.

Жарнаны ай сайын немесе бірден бірнеше ай үшін аванс түрінде (әр ай үшін төлем хабарламасы/тапсырмасы арқылы) төлеуге болады.

Жұмыс берушілерге арналған төлем коды: 121

Жеке кәсіпкерлерге арналған төлем коды: 122

 

МАҢЫЗДЫ:

Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз

 

2 қадам:

Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз

Егер ақша кері қайтарылмаса, Сіздің жұмыскерлеріңіз сақтандырылғандар тізіміне енгізілді деген сөз.

Ақша кері қайтарылған жағдайда деректерді қайта тексеріңіз.

 

Жиі кездесетін қателер

•        Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетілмеген

•        Мөлшерлеме қате есептелді және жарна есептеу объектісі 15 ЕТЖ асып кеткен

 

3 қадам:

Есептілікті дайындау және салық әкімшілігіне тапсыру

 

4 қадам:

Жұмыскерлеріңізге сақтандыру төлемдерінің аударылғаны туралы хабарлаңыз

 

АЙЫППҰЛДАР:

Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді.

 

МАҢЫЗДЫ:

Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды.

 

САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда);

 

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:

3) стационарлық көмек:

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.