Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Өткен айда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

02 November 2017

Биылғы қазан айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық сақтандыру жарнасын аударды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған шілде айынан бері түскен жарналар мен аударымдар мөлшері 18,6 млрд теңгеге жетті. Оның 81 пайызы немесе 15,02 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары. Ал, қалған 19 пайызы немесе 3,54 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы (жалпы соманың 21,6%) мен Астана (12%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстары көш бастап тұр.

Көрсеткіш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының биылға жасаған болжамдарына сай.