Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

МСҚ-на 2019 жылдың қыркүйек айында 9 млрд теңгеден астам жарна түсті

03 October 2019

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2019 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында 9,3 млрд теңге түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 214,4 млрд теңгені құрады.

Оның 205,5 млрд теңгесі (шамамен 95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (4,1% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.