Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Медициналық сақтандыру қорының "шұғыл желісі" іске қосылды

01 маусым 2018

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қор қызметкерлері тарапынан жасалған жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік сынды өзге де заң бұзушылықтар бойынша арыз-шағымарды қабылдайтын "шұғыл желіні" іске қосты.

Бұдан былай тұрғындар Қор қызметіне қатысты заң бұзушылықтар жайлы +7-7172 647-111 телефоны арқылы хабарлай алады.

Сонымен қатар, шағымдарды fmshotline@gmail.com электронды поштасына немесе 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 14/3 (11-қабат) мекен-жайына жолдауға болады. Аталған байланыс арналары 2017 жылдың 26 желтоқсанынан бері жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күнге дейін осы каналдар бойынша азаматтардан 29 хат келіп түскен. Оның басым бөлігі (17 хат) жеке тұлғалар тарапынан жазылған. Хаттардың дені әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдеріне қатысты.