Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН МОНИТОРИНГТЕУ БӨЛІМІНІҢ САРАПШЫСЫ (ҚОРДЫҢ Атырау ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) Қордың Атырау облысы бойынша филиалына «Медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің сарапшысы» лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 21 және 27 шілдесі аралығы

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары медициналық (немесе) экономикалық білім 

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: кем дегенде 1 (бір) жыл.

Жетекші лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу саласындағы заңдарын білу;
  • Қор қызметіне қатысты Қордың ішкі нормативтік құжаттарын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажет дағдылар:

  • Ілгерілі пайдаланушы деңгейіндегі Microsoft Office, Outlook
  • денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде жұмыс жасау негіздерін білу;
  • іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • іс жүргізуді және іскерлік басқаруды ұйымдастыру негіздері;
  • медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп беру формаларын білу

Лауазым бойынша атқаратын функционалдық міндеттері:

  • емдеу-диагностикалық іс-шараларының денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, шарттың талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде  медициналық қызметтердің тұтынушыларына көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемінің мониторингін жүргізу;
  • емдеу-диагностикалық іс-шараларының денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, шарттың талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде  медициналық қызметтердің тұтынушыларына көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемінің мониторингін жүргізу;
  • медициналық көмектің сапасы бойынша медициналық қызметтердің тұтынушыларының шағымдарымен жұмыс;
  • медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингілеу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
  • медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингілеу бизнес-процестерін автоматтандыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысу.
Нақтырақ