Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН МОНИТОРИНГТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ (Алматы ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  (бұдан әрі – Қор) Қордың Алматы қаласы бойынша филиалына «Медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің бас сарапшысы» лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды.

Заңды мекен-жайы: 010000  Нұр-Сұлтан қ,  Достық к-сі, 13/3 (15 қабат),

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020  жылдың 21-26 шілдесі аралығы.

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары медициналық (немесе) экономикалық білім 

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: Денсаулық сақтауды басқару және ұйымдастыру саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 2 (екі) жыл.

Жетекші лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу саласындағы заңдарын білу;
  • Қор қызметіне қатысты Қордың ішкі нормативтік құжаттарын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажет дағдылар:

  • Ілгерілі пайдаланушы деңгейіндегі Microsoft Office, Outlook
  • денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде жұмыс жасау негіздерін білу;
  • іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • іс жүргізуді және іскерлік басқаруды ұйымдастыру негіздері;
  • медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп беру формаларын білу

Функционалдық міндеттері:

  • медициналық қызмет көрсету қажеттілігін бағалау;
  • денсаулық сақтауды жоспарлау бойынша денсаулық сақтау басқармасымен жұмыс істейтін өңірлік деңгейдегі медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау;
  • медициналық көмектің қажеттілігін бағалау және жоспарлау туралы ақпаратты ұсынатын ұйымдармен хат алмасу;
  • Есептерге және талдауға сәйкес медициналық көмектің алдын-ала көлемін қалыптастыру;
  • Қордың мүдделі бөлімшелерімен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен медициналық көмектің алдын-ала көлемін келісу;
  • ТМККК және МӘМС бюджеттерін алдағы үш жылдық кезеңге әзірлеу;
  • медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу жоспарын түзету бойынша ұсыныстар жинау;
  • медициналық қызмет көрсетушілерден көрсетілеген медициналық қызмет көлемі туралы ақпарат жинауды қамтамасыз ету;
  • Қордың медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістерін жетілдіру бойынша, МӘМС және ТМККК саласында тарифтерді қалыптастыру саясаты туралы ұсыныстарды әзірлеу;
  • Қордың мүдделі бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;
  • Қорға есептерді уақтылы ұсыну;
  • жоспарлау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу, Сатып алу ережесі және осы саладағы қызметті реттейтін өзге де құжаттармен белгіленген тәртіптерді орындау
Нақтырақ