Пациенттердің медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына құқықтарын қорғау мақсатында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ағымдағы жылы тоқсан сайын алғашқы медициналық – санитариялық
көмек деңгейінде өнім берушілер қызметінің негізгі индикаторларына бағалау жүргізді. Сапа индикаторлары-бұл медициналық көмекті бағалау үшін қолданылатын сандық көрсеткіштер, оларды қолдану әртүрлі деңгейлерде:
дәрігерлердің, мекемелердің және тұтастай саланың қызметінде проблемалық мәселелерді және технологияның бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіштерді талдау медициналық көмектің сапасын жақсарту жолдарын
жасауға мүмкіндік береді. 2020 жылдың қорытындылары бойынша өңірлер мен жеткізушілер бөлінісінде төмендегі индикаторлар бөлінісінде саралау нәтижелерін ұсынамыз. Қор еркін таңдауды іске асыру үшін халықтың хабардар болу деңгейін
арттыру мақсатында ең үздік практикалары бар өнім берушілер туралы индикаторлар тізбесін кеңейте отырып, медициналық ұйымдардың қызметін бағалауды одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.