Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру басқармасы басшысы (Медициналық көмек сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаменті)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Медициналық көмек сатып алуды ұйымдастыру және мониторингтеу департаментінің медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру басқармасы басшысы қызметіне конкурстық іріктеу жариялайды.

Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 14/3, (11 қабат)
Байланыс телефоны: 8 7172 647 031
Құжаттарды (түйіндемелерді) қабылдау мерзімі: 2018 жылы 27 желтоқсан мен 2019 жылы 2 қаңтарға дейін
Талапкерлерге қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары медициналық, (немесе) экономикалық, (немесе) заңгерлік білім, магистр MBA, PhD, дәрежелері.
Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру және басқару саласындағы тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Қызметтік міндеттерді орындауға қажетті білім:

1. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» кодексі, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен денсаулық сақтау саласындағы негізгі нормативтік, стратегиялық құжаттарды білу
2. ҚР денсаулық сақтау саласын қаржыландыру негіздерін білу
3. ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерін, оның ішінде төлем жүйелерінің жұмысынан хабардар болу
4. Денсаулық сақтау субъектілері қызметі мен ресурстарды пайдалану тиімділігін көрсететін индикаторларды білу

Мiндеттерiн орындауға қажеттi дағдылар:
• Microsoft Office бағдарламаларымен, соның ішінде Microsoft Word, Mirosoft Excel, Microsoft Power Point, Outlook бағдарламаларын жетік білу;
• Ақпараттар легімен жұмыс істей білу және аналитикалық есептер дайындау
• Іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу тәртібін білу
• Қазақ және орыс тілдерін білу (ағылшын тілі – қошталады)
Функционалдық міндеттері:
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі - МӘМС) шеңберінде бекітілген келісімшарттардағы міндеттемелердің орындау барысын бақылауды ұйымдастыру:
2. Келісімшарттық міндеттемелерді орындамауға қатысты тәуекелдерді талдау және бағалау
3. медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу әдістемесін жетілдіру.
4. ТМККК және МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша құқықтық дерекқорды жетілдіру.
5. Қордың жылдық жұмыс жоспарын жүзеге асыру.

Нақтырақ