Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ САТЫП АЛУ БӨЛІМІНІҢ САРАПШЫСЫ (нұр-сұлтан қаласы БОЙЫНША ФИЛИАЛы)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына  «Медициналық көмекті сатып алу бөлімінің сарапшысы» лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020  жылғы 28 мамыр мен 3 маусым аралығы.

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары заңгерлік, медициналық (немесе) экономикалық білім 

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: кем дегенде 1 (бір) жыл

Жетекші лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы, медициналық қызметтерді сатып алуға және төлеуге қатысты заңнамаларын, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын білу;
  • Қор қызметіне қатысты Қордың ішкі нормативтік құжаттарын білу.

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:

  • Microsoft Office бағдарламасын жетік білу;
  • зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру;
  • зерттеушілік ақпаратты іздеу және сандық емес өндеу, талдамалық материалдарды қалыптастыру;
  • іскерлік хат алмасу тәртібін жетік білу

Лауазым бойынша атқаратын функционалдық міндеттері:

  • Ұйымдар мен өзге органдарда Қор филиалының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың мүддесін бекітілген тәртіпте қорғау;
  • Қордың құрылымдық бөлімшелерімен және филиалдарымен өзара іс-қимыл орнату және ынтымақтастықта болу;
  • Қордың құрылымдық бөлімшелері талап еткен мәліметті кешіктірмей беру;
  • денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алуды, медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау, келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуын қадағалау, медициналық қызмет сапасына қол жеткізу, тариф қалыптастыру және қызмет ақысын төлеу индикаторларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар жасау;
  • Қордың филиалының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін Қордың филиалы атынан мемлекеттік және басқа да ұйымдарға жолданатын сауалдардың жобасын әзірлеу;
  • Қордың филиалының құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты құжаттарды қарау, тиісті мамандармен келісу және оларға қол қойдыру;
  • Заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсететін жеткізушілерді іріктеуге қатысу;
  • денсаулық сақтау субъектілерімен медициналық қызметтерді сатып алу туралы келісімшарттар бекіту;
  • орындалған жұмыс актілерін мен медициналық қызмет ақысын төлеу актілерін келісуге қатысу; 
  • ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде Денсаулық сақтау субъектілерімен бекітілген келісімшарттардағы міндеттемелердің орындалу барысына қадағалау;
  • ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде бекітілген келісімшарттар бойынша медициналық көмек көрсету мен ресурстарды тиімді пайдалану барысын мониторингтен өткізу;
  • ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде жасалған келісімшарттардағы медициналық қызметтердің сапасын бағалауға қатысу

 

 

Нақтырақ