Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ САТЫП АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ (шымкент қаласы БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) «Медициналық көмекті сатып алу бөлімінің бас сарапшысы» лауазымына Қордың Шымкент қаласы  бойынша филиалына конкурстық іріктеу жариялайды

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 6-12 қарашасы аралығы

Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары заңгерлік, медициналық (немесе) экономикалық білім
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: кем дегенде 2 (екі) жыл

Жетекші лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы, медициналық қызметтерді сатып алуға және төлеуге қатысты заңнамаларын, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын білу;
  • Қор қызметіне қатысты Қордың ішкі нормативтік құжаттарын білу

Міндеттерін орындауға қажетті дағдылар:

  • MicrosoftOffice бағдарламасын жетік білу;
  • зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру;
  • зерттеушілік ақпаратты іздеу және сандық емес өндеу, талдамалық материалдарды жасау;
  • іскерлік хат алмасу тәртібін білу

Лауазым бойынша атқаратын функционалдық міндеттері:

  • Қордың мүддесін мемлекеттік ұйымдар мен органдарда Қор филиалының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорғау және бекітілген тәртіпте өкілдік ету;
  • Қордың құрылымдық бөлімшелері мен Қордың өзге филиалдарымен өзара іс-қимыл орнату және ынтымақтастықта болу;
  • Қордың құрылымдық бөлімшесіне сауал бойынша кешіктірмей шынайы ақпарат беру;
  • денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алуды, медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау, шарттық міндеттемелерді орындау барысын бақылау, медициналық қызметтердің сапасына қол жеткізу индикаторларын әзірлеу, тарифтер құрастыру және қызмет ақысын төлеу жөнінде ұсыныстар беру;
  • Қор филиалының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында Қордың филиалы атынан мемлекеттік және басқа да ұйымдарға жолданатын сауалдар жобасын әзірлеу;
  • Қор филиалының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды қарау, келісу, бұрыштамалар қою;
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды заңдық және нормативтік актілер бойынша іріктеуге қатысу;
  • денсаулық сақтау субъектілерімен медициналық қызметтерді сатып алу жөнінде келісімшарттар бекіту;
  • Атқарылған жұмыс актілерін мен медициналық қызметтерді төлеуді келісуге қатысу;
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көрсету туралы бекітілген келісімшарттардағы міндеттемелердің Денсаулық сақтау субъектілері тарапынан орындалу барысын қадағалау;
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде бекітілген келісімшарттар бойынша медициналық көмек көлемін көрсетуді және ресурстардың тиімді пайдаланылуын мониторингтен өткізу;
  • ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде бекітілген келісімшарттар бойынша көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын бағалауға қатысу

 

 

Нақтырақ