Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 15 млрд теңге түсті

23 October 2017

2017 жылы 19 қазандағы мәліметтерге сүйенсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ түскен аударымдар мен жарналардың мөлшері 15 млрд теңгеге жеткен. Ал, қараша айының басынан бері түскен сома 2,5 млрд теңгені құрады.

Жалпы соманың 20 пайызы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі болса, қалған 80% – жұмыс берушілердің аударымдары.

Міндетті сақтандыру жарналарын төлеу жағынан бұрынғыша Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.