Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

22 October 2020

Бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов пен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Бақытжан Тәжібай өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, медициналық қызметтер бойынша тарифтік саясатты жетілдіруге, халықты денсаулық сақтау мәселелері бойынша шынайы және объективті ақпаратпен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау жүйесінде бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Осы міндеттерді іске асыру үшін Тараптар консультативтік-кеңесші органдардың бірлескен отырыстарын және екіжақты кездесулерді өткізуге уағдаласты.

«Кәсіподақ тарапынан ынтымақтастық пен қолдау медициналық қоғамдастықпен мәселелерді жедел әрі тиімді талқылауға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Ең алдымен, бұл медициналық қызмет көрсетудің тарифтік саясатын арттыру арқылы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер жалақысын кезең - кезеңімен арттыруға қатысты», - деп атап өтті Болат Төкежанов меморандумға қол қою кезінде.

Қор Кәсіподақпен ынтымақтаса отырып, Қордың бюджеттік жүйесінің ашықтығын арттыру, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық ұйымдардың қаржыландырылуын бақылауды жүзеге асыру, медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығына жәрдемдесу, олардың құзыреттерін арттыру жұмыстарын жалғастыруға ниетті.

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы 100 мыңға жуық медицина қызметкерлерін біріктіреді және 13 облыстық және үш аумақтық (Астана, Алматы және Шымкент қалаларында) филиалдарды қамтиды. Ұйым жақын және алыс шетелдердің кәсіподақтарымен ынтымақтасады.