Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Қыркүйекте 40 мыңнан астам медицина қызметкері 10,1 млрд теңге үстемақы алады

08 October 2020

COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

«Қор медицина қызметкерлері алдындағы барлық міндетті толық және уақтылы орындап отыр. Мәселен, биыл наурыз бен тамыз аралығында 73,7 млрд теңгеге үстемақы төленді. Қыркүйектің қорытындысы бойынша 40 мыңнан астам маман  10,1 млрд. теңге көлемінде үстемақы алады»,-деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов. 

Наурыз айында 19 340 медицина қызметкеріне қосымша 3,4 млрд теңгеге төленді.

Сәуірде - 42 926 медицина қызметкері, 7,6 млрд теңге

Мамырда – 40 416 медицина қызметкері, 8,7 млрд теңге

Маусымда -53 160 медицина қызметкері, 12,3 млрд теңге

Шілдеде -78 963 медицина қызметкері, 24,9 млрд теңге

Тамызда – 66 249 медицина қызметкері, 16,8 млрд теңге алды.

Үстемақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы комиссия жасақтайды. Тізім дайын болғаннан кейін Қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге (20 АЕК) дейін қосымша ақы алады.

Естеріңізге сала кетейік, егер үстемеақыға қатысты сұрақтар болса,  өңірлік комиссияға хабарласу қажет.