Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Қор КВИ қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне 32 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі

27 шiлде 2020

             Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл наурыздан  маусым айына дейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Үстеме ақы үшін республикалық бюджеттен жалпы  38,1 млрд теңге бөлінді.

     Ең үлкен соманы (42% немесе 13,4 млрд теңге) 2-ші тәуекел тобының қызметкерлері алды: провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері жұмысқа тартылған жағдайда. Ал саны бойынша 3-ші тәуекел тобының медицина қызметкерлері басым – үстеме ақы алған барлық медицина қызметкерінің 52%  немесе 80,5 мың адам.

     Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстеме ақы алатын болса, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артты.

      Бұдан басқа, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы медициналық ұйымдарды қолдау шаралары қабылданды.

    «Қазір аурухана мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Оларды қолдау үшін Қор алғытөлем сомасын 50%  дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендегенде базалық қаржыландыру жүргізіледі. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады", - деді ӘМСҚ КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.