Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) «Қоғаммен байланыс департаментінің директоры» бос лауазымға конкурстық іріктеу туралы хабарлайды.

Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3, (15 қабат)

Байланыс телефоны: 8 7172 674184

Бос лауазымға құжаттарды (түйіндемелерді) қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 2020 13-19 шілдесі аралығы

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: халықаралық қатынас/ экономика салаларындағы жоғарғы білім

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: бұқаралық ақпарат құралдары, сандық байланыс және маркетинг саласында кемінде 10 жыл

Жетекші орындардағы тәжірибе: кемінде 2 жыл

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:

  •  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «БАҚ туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • Қызметтің функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті лауазымның мамандануына сәйкес келетін салаларда қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ басқа міндетті білімдерін білу.

Мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi дағдылар:

1. Әлеуметтік медиада аудиториямен жұмыс жасауды құрастыру және насихаттау дағдылары;

2. Мәтіндік материалдармен жұмыс істеу дағдылары, диджитал- байланыс, әлеуметтік желілер үшін мәтін жазу тәжірибесі;

3. Веб-сайттың контентін және әлеуметтік желілерді басқару дағдылары;

4. Adobe Premier, Adobe Photoshop, CorelDRAW және т.б. графикалық бағдарламаларын игере білу.

5. Шығармашылық ойлау дағдылары;

6. Байланыс құру және қолдау дағдылары, келіссөздер, топта жұмыс істеу қабілеті;

7. Өз құзыреті шегінде шешімдерді қабылдау мүмкіндігі; танысырылымдар мен ақпараттық кездесулер өткізу қабілеті;

8. Қазақ және орыс тілдерінде еркін біліктілік деңгейі.

Нақтырақ