Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

КЕШЕНДІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ

«Әлеуметтік сақтандыруды сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Кешендік қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментінің аға менеджері - 1 орын, бос лауазымына конкурстық іріктеу өтетіні туралы хабарлайды.

Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 14/3, (11 қабат)

Байланыс телефоны: 8 7172 647 031

Бос лауазымға құжаттарды (түйіндемелерді) қабылдау: 2019 жылдың 18-24 ақпаны аралығы.

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары техникалық/экономикалық/заңгерлік

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 (бір) жыл

Басқарушылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Білімі мен дағдылары:

Азаматтық, қылмыстық және еңбек заңнамасын білу;

тәуекел-менеджменті негіздерін білу;

Қордың экономикалық қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді білу;

топта жұмыс жасай білу дағдысы;

ағымдағы процесстерді және қойылған тапсырмаларды жедел талдай білу;

жобаның нәтижеге жетуі үшін өзіне жауапкершілік ала білу қабілеті;

іскерлік, ресми хат алмасу, сөз алмасу дағдылары;

ақпараттық үлкен көлемдерімен жұмыс жасай білу.

Функционалдық міндеттері:

тұрақты негізде Қордың  медициналық қызметтерге ақы төлеу және денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу процестеріне тексеру жүргізу ;

Қордың экономикалық қауіпсіздігі тәуекелдерін азайту бойынша іс-шаралар әзірлеу және енгізу;

Қордың экономикалық қауіпсіздік қатерлерінің тізілімін жүргізу;

денсаулық сақтау субъектілеріне ақшалай қаражатты аудару процесіне тексеру жүргізу;

Қордың экономикалық қауіпсіздігі бойынша тексерулерді жүзеге асыру регламентін әзірлеу;

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша 2018-2019 жылға іс-шаралар Жоспарының орындалуы бойынша есеп әзірлеу;

Қордың экономикалық, ақпараттық, кадрлық, физикалық қауіпсіздігі мәселелерін қоса алғанда кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы корпоративтік саясатын әзірлеу және іске асыру;

сыбайлас жемқорлық және экономикалық қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу саласындағы  шешімдерді  және құралдарды енгізу әдістемесін әзірлеу және іске асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі бақылау және талдау  жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;

 Қордың бизнес-процестері барысында анықталған бұзушылықтар бойынша қызметтік тергеу жүргізу;

Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша саясатын қалыптастыру және іске асыруға бағытталған, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларын  әзірлеу.

Нақтырақ