Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

Ішкі қауіпсіздік қызметінің аға менеджері

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ «Ішкі қауіпсіздік қызметінің аға менеджері» бос лауазымына конкурстың өткізілетіні туралы хабарлайды

Заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 14/3, 11 қабат, Байланыс телефоны: 8 7172 647 031

Кандидатқа қойылатын талаптар:

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: Кем дегенде 5 (бес) жылдық қауіпсіздік және / немесе ақпараттық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі бар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы тәжірибесі бар үміткерлерге артықшылық беріледі).

Басқарушылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Өз міндеттерін атқару үшін қажетті білімі мен дағдылары:

1. Ақпараттық қауіпсіздік саласында нормативтік және нормативтік емес актілерді білу;

2. ҚР СТ ИСО / МЭК 27001-2008 және ҚР СТ ИСО / МЭК 17799-2006 ақпараттық қауіпсіздік стандарттарының талаптарын білу;

3. Microsoft Office, Outlook бағдарламасын озық деңгейдегі пайдалана білу;

4. Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің жұмыс негіздерін білу;

5. Іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;

6. Талдамалық материалдарды құрастыра білу;

7. Кеңсе жұмысы мен іскерлік әкімшілікті ұйымдастыру негіздері;

8. Медициналық жазбаларды есепке алу және есеп беру формаларын білу.

Функционалдық міндеттері:

Қызметтің жоспарланған іс-шараларын жүзеге асыруға тарту және басқа басқармалар қызметкерлерінің басшылығынан тиісті басшылықпен келісе отырып, жекелеген нұсқаулықтарды орындауға;

Мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды өз құзыреті шегінде іске асыруға қатысу;\

 өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қордың мүдделерін білдіру және / немесе өкілі ретінде әрекет ету;

Қордың қызметімен байланысты туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер алу үшін ұйымдарға, кәсіпорындарға және қаржы мекемелеріне сұраулар дайындау;

Қызмет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, Қордың құрылымдық бөлімшелерімен консультациялар жүргізу;

Қордағы ресми тексерулерге қатысуға және Қордың Басқарма Төрағасына Қордың басшылығының тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен Қор қызметкерлерінен жазбаша түсініктемелер сұратуға және алуға;

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне байланысты аудиттер мен тексерістерге бастамшылдық ету;

Өз құзыреті шегінде нормативтік және нормативтік емес актілерді, Қордың ішкі құжаттарының жобаларын әзірлеу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша азаматтардың және денсаулық сақтау ұйымдарының өтініштері мен шағымдарын қарау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қордың ішкі құжаттарына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

 

 

 

 

Нақтырақ