«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Ақмола облысы бойынша филиалына «Хатшы» лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды.
Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3
Байланыс телефоны: 8 7172 674 184
Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 3 және 9 тамызы аралығы
Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары білім/ аяқталмаған жоғары білім
Мамандық бойынша еңбек өтілі: талап етілмейді
Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:
ішкі корпоративтік құжаттарды ресімдеу ерекшеліктерін білу (менеджмент);
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қордың ішкі актілерін, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамаларын білу;
Қор қызметіне қатысты Қордың ішкі құжаттарын білу.
Міндеттерді орындау үшін қажет дағдылар:
әкімшілік-шаруашылық қызмет процестерін басқару дағдылары;
іс-шараларды ұйымдастыру, жиналыстардың өткізілуін бақылау, кесте жасау, жоспарлау дағдылары;
ақпарат іздеу, талдау қабілеті, есеп беру және рецензиялау дағдылары;
Іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу дағдылары;
Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін менгеруі.
Осы лауазым бойынша атқаратын фунуционалдық міндеттері:
Филиал директорының нұсқауларын орындау.
Қордың коммуникация және персоналды дамыту департаментімен өзара іс-қимыл орнату (қызметкерлерді тіркеу жұмыстарын жүргізу, жұмыс уақытын есепке алу, жаңадан келген қызметкерлердің құжаттарын қабылдау және т.б.);
филиал директорының қол қоюына берілетін іс-қағаздарды жүргізеді, хат алмасады, құжаттарды тапсырады. Филиал директорының қарауына берілетін құжаттарды тексереді және дайындайды;
сыртқы және ішкі телефон қоңырауларына жауап беру, Қызмет туралы ақпаратты Филиал директорына жеткізу, Филиал директорының телефонмен сөйлесулерін ұйымдастыру;
филиал директорының тапсырмасымен жиындарға және жиналысқа қажетті материалдарды дайындау (қажетті материалдарды жинау, қатысушылардың уақыт пен орын туралы хабардар ету, күнтәртібі);
директордың қол қоюына берілген құжаттарды тексеру, нұсқаулардың белгіленген мерзімде орындалуын қадағалау;
филиал директорының тапсырмасы бойынша хаттар, өтініштер, басқа да құжаттарды дайындау;
құжаттарды оры стілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару;
Қор басшылығының, филиал директорының берген тапсырмалары мен міндеттерін, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қордың ішкі актілеріне сәйкес басқа да міндеттерді орындау.