Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Ережелер мен құжаттарДенсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуДенсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорыХалықты емханаға бекіту бойынша кампания

Халықты емханаға тіркеу кампаниясы

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын 
жүргізуді бастау туралы 
хабарлама

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 11268 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15604 тіркелген) сәйкес, 2017 жылы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясының басталғанын хабарлайды. 
Тіркеу кампаниясы тек ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберіндегі медициналық қызметтерді көрсетуден үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорына тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізіледі. 

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры уәкілетті органның(www.mz.gov.kz), облыстардың, Астана және Алматы қалалары Денсаулық сақтау басқармаларының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарында 2017 жылы 14 қыркүйекте орналастырылады.    
Азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жеке куәліктің көмегімен тіркеледі. Сонымен қатар, «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы  тіркелуге болады.
Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу үшін тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке куәлігі талап етіледі. 

Алғашқы медициналық -санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркеу

Сұрақ: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тікелей барып тіркелу үшін жеке куәлік талап етіледі.
    

Сұрақ: Бір уақытта неше емханаға тіркелуге болады? 

Жауап: Азамат бір емханаға ғана тіркеле алады. 

Сұрақ: Емхана қандай жағдайда азаматты тіркеуден бас тарта алады? 

Жауап: Егер бір дәрігерге тіркелген адам саны екі мыңнан асып кеткен жағдайда, емхана азаматты тіркеуден бас тарта алады (аталған жерде МСҚ-мен келісім бекіткен басқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы болмаған жағдайда бас тарта алмайды).

Сұрақ: Азаматтар қандай жағдайда басқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркеле алады? 

Жауап: Тұрғылықты мекен-жайын, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болғаннан кейін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған жағдайда, сонымен қатар, бұрынғы емханадағы қызмет сапасы көңілден шықпайтын болса басқа емханаға тіркелуге болады.
          

Сұрақ: Тіркеу науқаны кезінде тіркелген емхана қызметін қай кезден бастап пайдалана алады? 

Жауап: Тіркеу науқаны кезінде тіркелген емхананың қызметін келер жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға болады. Жылдың соңына дейін бұрынғы емхананың көмегіне жүгіне алады. 

Мысал 1: Бұрын Алматы қаласында тұрған А. есімді азамат 10 қыркүйекте Астана қаласына көшті. 11 қыркүйек күні ол Астана қ. емханаға тіркелді. Ол Алматы қаласындағы емхана тіркеуінен автоматты түрде шығарылады.
  Резюме: Ол «Астана қ. №8 Емхана» ШЖҚ МКК-не тіркелген күннен, яғни 11 қыркүйектен бастап сол емхана көмегіне жүгіне алады. 

Мысал 2:  Б. есімді азама бұған дейін Астана қаласындағы N емханасында тіркеуде тұрған болатын. Тіркеу науқаны кезінде, 20 қыркүйекте ол Астана қаласындағы Z емханасына тіркелді.
Резюме: Ол медициналық көмекті жылдың соңына дейін Астана қаласындағы N емханасынан алады, ал, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана қаласындағы Z емханасының көмегіне жүгіне алады.