Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

ХАЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ (Шымкент БОЙЫНША ФИЛИАЛ)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Қордың Шымкент қаласы бойынша филиалының «Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің бас сарапшысы» лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды:

Заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Құжат (түйіндеме) қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 6-12 қарашасы аралығы.

Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары гуманитарлық (заң, экономика, медицина немесе коммуникациялар саласында)

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: кем дегенде 1 (бір) жыл

Жетекші лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері жөнінде, мемлекеттік жоспарлау,  медициналық қызметтерді сатып алуға және төлеуге қатысты заңнамаларын, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын білу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық және салық заңнамаларын және өзге де заңнамаларлы білу;
  • Қор қызметіне қатысты Қордың ішкі нормативтік құжаттарын білу.

Міндеттерді орындауға қажет дағдылар:

  • Microsoft Office бағдарламасын жетік білу;
  • БАҚ және жұртшылыққа арналған іс-шаралар ұйымдастыру;
  • медиа нарығын білу және SMM саласында жұмыс істеу қабілеті;
  • іскерлік хат алмасу тәртібін білу;
  • көпшілік алдына шығып сөйлеуге арналған баяндамаларды (материалдарды) дайындау тәжірибесі
  • Осы лауазым бойынша атқаратын функционалдық міндеттер:
  • Қордың құрылымдық бөлімшесіне сұрау бойынша шынайы ақпарат беру;
  • Қордың бекіткен талаптары бойынша халықты ақпараттандыру және азаматтардың өтініштері бойынша есеп беру және уақтылы ұсыну;
  • әр түрлі мақсатты топтар үшін коммуникациялық жұмыстар жоспарын іске асыру;
  • Қордың ақпараттық-түсіндіру жұмысы және халықтың сұрауларын өндеу жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
  • азаматтардан келіп түсетін өтініштерді уақтылы қабылдауа және өндеу;
  • жауап беру және репутациялық тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жоспарларды іске асыруға қатысу;
  • Қор филиалының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды қарау, келісу және бұрыштама қойдыру;
  • орындалған жұмыстардың актілерін келісу және медициналық қызметтерді төлеуге қатысу.

 

 

Нақтырақ