Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Ережелер мен құжаттарДенсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосуДенсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорыХалықты емханаға бекіту бойынша кампанияХабарландыру

Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорға қосу туралы өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) қағаз түрінде немесе электронды форматта қабылданады.  

  1. Өтінімдер қағаз түрінде қатесіз, түзетусіз тігілген және нөмірленген болуы тиіс. Оның соңғы беті басшының немесе оның сенімді өкілінің қолымен куәландырылып, денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен (бар болса) бекітіледі. 
  2. Денсаулық сақтау субъектілері өтінімге мынадай құжаттарды қоас беруі тиіс:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (анықтама) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);
3) медициналық қызметпен айналысуға лицензияның, тиісті медициналық қызметтерді көрсету құқығын, оның ішінде денсаулық сақтау субъектісінің немесе оның өкілдігінің, филиалының (өкілдік тарапынан қатысу туралы өтінім берілген жағдайда) өндірістік базасының орналасуын растайтын қосымшалардың көшірмесін;
4) денсаулық сақтаудың қажетті ақпараттық жүйелеріне логин мен құпиясөзді ақпараттандыру субъектісінің  денсаулық сақтау субъектісіне кейіннен ұсынуы үшін денсаулық сақтау субъектісінің басшысы қол қойған қатысуға арналған өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін жүргізуге уәкілетті жауапты адамдар туралы мәліметтерді қоса береді.