Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Денсаулық пойыздары жыл соңына дейін шалғай ауылдардың тұрғындарына 230 млн теңгенің көмегін көрсетеді

11 September 2018

«Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары биылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында еліміздегі шалғай жатқан темір жол станцияларын аралайды. Шойын жол бойындағы елді мекендердің түұрғындары жалпы құны 229,5 млн теңгеден асатын медициналық көмекке қол жеткізе алады.

Биыл денсаулық пойыздары негізінде көрсетілетін медициналық көмект3 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қаржыландырады. Дәстүрлі жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып келеді.  

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстары аумағындағы 71 станцияны аралайтын «Денсаулық» пойызы халыққа медициналық қызметтің 360 мыңнан астам түрін көрсетпек. Бұған жұмсалатын қаражаттың жалпы көлемі 150,9 млн теңге. «Саламатты Қазақстан» пойызы болса Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары аумағындағы 57 станцияға аялдап, жалпы құны 78,6 млн теңгелік 55 мыңға жуық қызмет түрін көрсетеді. Көрсетілетін қызмет саны нақты аймақтағы сұраныс негізінде есептелген.

Медициналық көмек тізімінде: салалық мамандардың кеңесі (терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог т.б.), түрлі зерттеулер мен диагностика (УЗИ, қан талдаулары, флюорография т.б.), стоматологиялық қызметтер т.б. бар.

Пойыздар компьютерлік спирометриялық жүйе, эхоэнцефалограф, тест жүргізуге арналған кардиологиялық мониторинг жүйесі, рентген сынды заманауи диагностика қондырғыларымен жабдықталған. Сонымен қатар, ең соңғы үлгідегі стоматологиялық құрылғылар, ЛОР және офтальмология қондырғылары да бар.

Естеріңізге сала кетсек, «Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы қолға алынған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы уақыт ішінде консультативтік-диагностикалық пойыздардың қызметін еліміздің түпкір-түпкіріндегі 1326 станция тұрғындары пайдаланған. Мамандар 379 мыңнан астам адамды қараған, оның 83 806-сы балалар. 

Пойыздардың жүру кестесі fms.kz сайтында жарияланған.