Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕП БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Бухгалтерлік есепке алу және есептілік департаментінің бухгалтері бос лауазымына конкурстық іріктеу жариялайды.
Заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13/3

Байланыс телефоны: 8 7172 674 184

Бос лауазымға құжаттарды (түйіндемелерді) қабылдау мерзімі: 2020  жылдың 20-26 шілдесі аралығы

Үміткерге қойылатын талаптар: 

Білімі: экономика / қаржы / бухгалтерлік есеп және аудит саласында жоғары кәсіби білім,

Сертификаттардың болуы: «Кәсіби бухгалтер» міндетті түрде

Жұмыс тәжірибесі: бухгалтерлік есеп және аудит саласында 5 жылдан кем емес, сонымен қатра салық органдарында

Басқарушылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
1) Қазақстан Республикасының еңбек, азаматтық, салық және қаржылық заңдары, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті ұйымдастыру туралы заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі ережелері мен регламенттері, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы;
2) Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттар, Қордың есепке алуын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, оларды сақтау ережелері мен рәсімдері.

Мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құзыреттер:

1) ХҚЕС, есепке алу;
2) есепке алу аумағында операцияларды тіркеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі;
3) есептерді дайындаудың және ұсынудың нысандары, тәртібі мен мерзімдері; кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдісі;
4) нәтижеге бейімделу;
5) көпміндеттілікке стресстік төзімділік; топта жұмыс істей білу
6) қарым-қатынас (тез байланыс орнату, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті мен тілегі).

Нақтырақ