Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Бос орындарБайланысТүйіндемені жіберу

Басқарма төрағасының орынбасары

ВАКАНСИЯ ЖАБЫҚ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қор) Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына конкурстық іріктеу туралы хабарлайды (1 орын).

Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 14/3, (11 қабат)

Байланыс телефоны: 8 7172 647 031

Бос лауазымға құжаттарды (түйіндемелер, ынталандыру хаты бар болса, мүмкіндігінше алдыңғы жұмыс орындарынан ұсыныс хаттары) қабылдау мерзімі: 2018 жылдың  желтоқсанның 29 мен 2019 жылдың қаңтардың 7 аралығы

Кандидатқа қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары қаржы-экономикалық білім. Мүмкіндігінше MBA дәрежесінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі: Ірі қазақстандық немесе халықаралық компаниясында қаржылық-экономикалық бағыты бойынша кемінде 7-10 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде ірі қазақстандық немесе халықаралық компанияларында басқару жұмысы 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:

«Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», денсаулық сақтау құжаттары;

Көшбасшының мықты жеке сипаттамасына ие болуы, қызығушылық пен тартымдылық атмосферасын құра білуі, жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болуы, белсенді өзара іс-қимылда жұмыс істей білуі және бірыңғай акционермен, Директорлар кеңесімен, қызметкерлермен және басқа да мүдделі тараптармен диалогты конструктивті қалыптастыра білуі, ынталандыра білуі, әртүрлі көзқарастар мен тәсілдерді қабылдай білуі, даулы жағдайларды шешу дағдысына ие болуы, жоғары этикалық стандарттарды ұстай білуі тиіс;

Ірі компанияларда өзгерістерді енгізудің табысты тәжірибесі;

Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеру. Ағылшын тілін білу қошталады.

 

 

 

 

Нақтырақ