Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

БАҚ өкілдері арасында өткізілген конкурс қорытындысы жарияланды

20 December 2019

«Баршаға қолжетімді медицина» әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбын насихаттау бойынша үздік журналистік жұмыстардың шығармашылық байқауына сарапшы қазылар алқасы отырысының хаттамасы

 

15 желтоқсан 2019 жыл

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазылар алқасының құрамы:

  1. Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы
  2. Сейтқазы Матаев, Қазақстан журналистер Одағының төрағасы
  3. Құрманбек Жұмағали, «Астана» телеарнасының бас директоры
  4. Болат Қалиянбеков, «Nur Media» холдингінің бас директоры
  5. Ержан Сейтқазинов, аймақтық БАҚ Ассоциациясының президенті

Қазылар алқасының отырысы кезінде Қазақстанның әр аймағының баспасөз, электронды БАҚ, телевидение және радио өкілдері болып табылатын 62 қатысушыдан түскен өтінімдер қаралды.  

Жеңімпаздар мына аталымдар бойынша анықталды:

  • Телевидениедегі ең үздік материал (сюжет, репортаж, сұхбат, талдама);
  • Баспасөздегі ең үздік материал (мақала, репортаж, фоторепортаж, сұхбат, талдама, очерк, шолу);
  • Интернет-порталдағы ең үздік материал (мақала, сұхбат, очерк, талдама, шолу, колумнистика, лонгрид);
  • Радиодағы ең үздік материал (бағдарлама, сұхбат, тікелей эфир, талдама);
  • Ең үздік визуалды қатар(видео, фотогалерея, графика, комикстер).

АТАЛЫМ: «Телевидениедегі ең үздік материал»

«Қазақстан» РТРК" АҚ Қарағанды облыстық филиалы

ӘМСҚ басшылығы, медицина қызметкерлері, пациенттердің Қарағанды облысындағы тәжірибе туралы сұхбаттары, МӘМС бойынша пилоттық жоба нәтижелері, реформа көмегі тиген пациенттер тарихы.

Жеңімпаз – Вера Шеллер, автор және жүргізуші,  редактор

АТАЛЫМ: «Баспасөздегі ең үздік материал»

Жеңімпаз– Айнагүл Ескенқызы Бәкімбаева, шолушы

«Дидар» облыстық газеті, «Шығыс-Ақпарат»  ЖШС, Өскемен қаласы

Байқаудың барлық кезеңдерінде қызықты графикалық безендірулер арқылы түрлі тақырыптарда жазылған өзекті материалдар сериясы

АТАЛЫМ: «Интернет-порталдағы ең үздік материал»

Жеңімпаз – Ерғали Қайтарған, «Aq jol» қоғамдық-саяси газетінің Жамбыл облысындағы Шу және Мойынқұм аудандары бойынша меншікті тілшісі

 Жамбыл облыстық «Aq jol» қоғамдық-саяси газетінің интернет-порталы

МӘМС-тің ауылдық жерлердегі медициналық қызмет көрсету сапасына қалай әсер ететіні, медициналық қызметтерге қол жетімділікті арттыру туралы мақала. МӘМС-тің түрлі қырларын түсіндіру

АТАЛЫМ: «Радиодағы ең үздік материал»

Жеңімпаз – Константин Должанский, «КН» радиосының жүргізушісі («Караван новостей» ЖШС), Қостанай

«Жергілікті уақыт.  Арнайы шығарылым» радиохабары сарапшылар,  шенеуніктерді қатыстыра отырып Қазақстанда басталып жатқан медициналық сақтандыру дәуіріне арналған, онда автордың жеке басынан өткен тәжірибесі көрініс тапқан.

АТАЛЫМ: «Ең үздік визуалды қатар»

Жеңімпаз – Айнұр Тажина, дәрігер терапевт, м. ғ. к., bestdoctor.kz медициналық ақпараттық порталының негізін қалаушы

bestdoctor.kz медициналық ақпараттық порталы

Нұр-Сұлтан қаласындағы халықтың МӘМС туралы анағұрлым көп айтылатын сұрақтарына жауаптар ұсынылған №4 емханада дәрігерлердің қатысуымен бейнеролик. 

Ролик www.bestdoctor.kz  порталында,  сонымен қатар жобаның youtube, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде жарияланған

Әрбір жеңімпаз ноутбукпен марапатталады.