Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

2018 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтініш қабылдау басталды

03 November 2017

Медицина мекемелерінің 2018 жылы медқызмет көрсету туралы өтініші биылғы қараша айының 3-і мен 18-і аралығында қабылданады. Оған мемлекеттік және жеке меншік ұйымдар теңдей қатыса алады.

Халыққа көрсетілетін медициналық көмек көлемін орналастыруға қатысты құжаттарды «МСҚ» КЕАҚ-ның дерекқорына енген денсаулық сақтау нысандарына ғана өткізе алады. Жеткізуші компаниялардың дерекқоры туралы мәліметпен МСҚ-ның сайты арқылы танысуға болады: https://fms.kz/ru/select-medical-inst

«Бұл процеске медицина ұйымдарын мейлінше көбірек тарту арқылы медициналық қызмет рыногын қалыптастыру – біздің стратегиялық мақсатымыз. Және біз медицина мекемелері бұған белсенді түрде атсалысады деп үміттенеміз», - дейді қордың медициналық қызметтерді жоспарлау және сатып алу жөніндегі басқарушы директоры Ерік Байжүнісов.

Айтуынша, медициналық қызмет көлемін орналастыру жұмыстарының нәтижесі алдағы желтоқсан айында қорытылмақ. Бұл туралы мәлімет Қордың ресми сайты мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Орналастырылатын қызмет көлеміне қатысты мәліметт fms.kz сайтының «Денсаулық сақтау нысандарына» бөлімінде жарияланған: https://fms.kz/kk/content/medicinalyk-kyzmetterdin-kolemin-ornalastyru-r...