Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

2018 жылы қызмет көрсететін медицина ұйымдарының тізімі жарияланды

12 January 2018

2018 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін қызмет көрсететін медицина ұйымдарының тізімі жарияланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті шеңберінде қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарының тізімін жариялады (ТМККК-не кіретін қызмет түрлерінің нақты тізімі: https://fms.kz/sites/default/files/basic_page_files/gobmp.pdf).

Кепілдендірілген көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсететін медицина мекемелерінің тізімін Қордың ресми сайтынан ("ТМККК жеткізушілерінің тізімі"), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының[i] сайтынан табуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні республикалық бюджеттен кепілдендірілген тегін көмекке деп бөлінетін қаржының дені жеткізушілер арасында бөліске салынды. Қаржының қалған бөлігі денсаулық саласының басымдық берілген бағыттарын дамыту, барлық жерде пациенттерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін, азаматтардың емдеу мекемесін таңдау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ескере отырып бөлінбек. Атап айтқанда, ол стационарлық көмек, стационарды алмастыратын көмек, консультативтік-диагностикалық және мамандандырылған көмекке қосымша берілетін болады.

 

Бұған дейін хабарланғандай, 2018 жылы медициналық қызметтерді бөлу жөніндегі аймақтық және республикалық комиссиялар өтініш берген 1377 ұйымды заң талаптарына сай деп танып, олармен келісімшарт бекіту туралы шешім қабылдады. Комиссиялар құрамында "Атамекен" ҰКП, Денсаулық сақтау министрлігі және өзге қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

 

Қорыта айтқанда, 2018 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қазақстандықтарға 600-ге жуық жеке меншік клиника тегін қызмет көрсетпек. Оның 43 пайызы жеке меншік клиникалар.  Яғни, жеке меншік клиникалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 130-ға артып отыр. Ал, жеке клиникалармен бекітілген келісімшарт сомасы биыл 85 млрд теңгені құрады. Бұл да алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден 2 есе көп.

 

[i]Тізім 2018 жылдың 11 қаңтарында жарияланды. Тізім жыл бойы толықтырылып отырады.