Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жалғыз акционерДиректорлар кеңесіБасқармаҚор басшылығыКорпоративтік хатшыКорпоративтік құжаттарТалқылауға арналған корпоративтік құжаттардың жобасы

Директорлар кеңесі

Біртанов Елжан Амантайұлы
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы
Дәленов Руслан Ерболатұлы
Гинтарас Кацявичюс
Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы
Оспанов Абылайхан Есенұлы
Біртанов Елжан Амантайұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы

Туған күні, айы, жылы: 18.10.1971 жыл

Азаматтығы: Қазақстан республикасының азаматы

ДК сайланған күні – 28.03.2017 жыл (Бірыңғай акционердің 28.03.2017 жылғы №101 шешімі)

 

ДК мүшесі лауазымындағы өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің қызметі Қазақстан республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысы, Директорлар кеңесі туралы ережесі және өзге де ішкі құжаттар арқылы реттеледі

 

Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі), лицензиялары:

·      Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)

Емдеу ісі

·      Аризона штатының университеті, Тусон қаласы (1994)

Үдемелі терапия және токсикология

·      Ресей дипломнан кейінгі білім беру медицина академиясы, денсаулық сақтау саласындағы менеджмент (2001)

·      Шарите университеті клиникасы, Берлин, ГФР, Аурухана ісі менеджменті (2006)

·      Тұран университеті, экономика (2008)

·      Duke University, Fuqua School of Business, АҚШ, Global Executive MBA магистратурасы (2013)

Ғылыми атақтары мен дәрежесі, қызметі:

·      Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қазіргі жағдайда Қазақстан республикасында өткір улану оқиғаларының алдын алу мен емдеудің ғылыми негіздері» (1998);

·      Доцент (2002);

·      Медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Қазақстан республикасы денсаулық сақтау жүйесін инвестициялық-инновациялық дамыту стратегиясының әдістемелік-ұйымдастырушылық және қаржылық-экономикалық негіздері» (2010);

·      Іскерлік басқару магистрі (2013)

 

Жұмыс тәжірибесі:

·      Мейіргер, ОҚКА психоневрология бөлімі, үдемелі терапия және жан сақтау бөлімі, Алматы қ. ЖМЖА токсикология бөлімі (1991-1994);

·      ЖМЖА дәрігер-токсиколог, реаниматолог, ЖМЖА токсикология орталығының ақпараттық-консультативтік орталығы жетекшісі (1994-1998);

·      Алматы қалалық токсикология орталығы жетекшісі (1998-1999);

·     Республикалық токсикология орталығы жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы (1999-2005);

·      Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының жетекшісі, клиникалық токсикология курсының оқытушысы (2000-2008);

·      ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты РМК директоры (2005-2008);

·      ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі (03.2008-08.2008);

·      «Ұлттық медицина холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (08.2008-12.2008);

·      ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі (12.2008-04.2010);

·      «Ұлттық медицина холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы (04.2010-12.2012);

·      «Назарбаев Университет» ДББҰ Атқару кеңесі Төрағасының кеңесшісі (12.2012-03.2014);

·     «Мемлекет-жеке меншік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы (04.2014-11.2015);

·     ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі (11.2015-24.01.2017)

2017 жылдың 25-қаңтарынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрі  

 

Өзге қызметтері:

·     ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі (04.2017 ж. бастап)

Сайланған қызметтері, депутаттық қызмет:

·      ҚР Парламенті Мәжілісінің 3-шақырылымына депутаттықтан үміткер (2004)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары мен сыйлықтары, атақтары:

·      Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі

Ғылыми, әдеби еңбектері, жазған мақалалары:

·     50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы

Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы
Директорлар кеңесінің мүшесі

1980 жылы 9-сәуірде туған.

2001 жылы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген, заңгер-құқықтанушы.

 2012 жылы ExeterUniversity (Ұлыбритания) университетін тәмамдаған, MPA (Master of Public Administration) дәрежесінің иегері, мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік басқару және саясат мәселелері жөніндегі қысқа мерзімдік тағылымдамадан өткен: ENA (Франция, 2006), DukeUniversity (АҚШ, 2008), LSE (Ұлыбритания, 2009).

2001-2012 жылдары - Қазақстан республикасы Әділет министрлігінің Заң департаменті;

2013 жыл – Қазақстан республикасы Әділет министрлігінің Кадрлық қызмет жөніндегі департаменті директорының орынбасары;

2013-2015 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының орынбасары;

2015-2016 жылдары - "СК-Фармация" ЖШС стратегиялық даму бөлімінің бастығы;

2016-2017 жылдары - "СК-Фармация" ЖШС басқарушы директоры;

2017 жыл - Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасы.

Мемлекеттік наградалары:

Әділет министрінің, Есеп комитеті төрағасының алғыс хаттары мен мақтау қағаздары, Конституцияның 10 жылдығы медалі (2007), Мемлекет басшысының Алғыс хаты (2008).

Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні, айы, жылы: 04.03.1976

Азаматтығы: Қазақстан республикасының азаматы

ДК сайланған күні – 30.052017 жыл (Бірыңғай акционердің 30.05.2017 жылғы №328 шешімі)

 

ДК мүшесі лауазымындағы өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің қызметі Қазақстан республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысы, Директорлар кеңесі туралы ережесі және өзге де ішкі құжаттар арқылы реттеледі

 

Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі), лицензиялары:

·      Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті (1996)

Экономист-бухгалтер

·      ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, магистратура (2016)

Мамандығы «Әскери және мемлекеттік басқару»

 

Еңбек өтілі:

·      ҚР Қаржы министрлігі Кассалық қаржы және мемлекеттік қарыз басқармасы қолма-қол қаражатты басқару бөлімінің қазынашысы, Кассалық қаржы және мемлекеттік қарыз басқармасының қолма-қол қаражатты басқару бөлімінің бастығы, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті Қолма-қол ақшаны басқару басқармасының ағымдағы қалдықтарын басқару бөлімі бастығы, (1996-2001);

·      ҚР Қаржы министрлігінің Қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу бөлімі бастығы (10.2001- 07.2004);

·      ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрағасының орынбасары (07.2004-30.12.2008);

·      ҚР Қаржы вице-министрі (30.12.2008-06.2014);

·     ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (07.2014-10.2016);

·     ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасы (09.11.2016-12.2016);

·     ҚР Қаржы вице-министрі (29.12.2016 ж бастап)

 

Өзге қызметтері:

·      «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі

·     «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі (2013-2014)

 

Мемлекеттік және халықаралық наградалары мен сыйлықтары, атақтары:

·      ҚР Қаржы министрлігінің құрмет грамоталары;

·      ІІ дәрежелі «Еуразиялық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалі (08.05.2015)

Дәленов Руслан Ерболатұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі

Туған күні, айы, жылы: 08.02.1975

Азаматтығы: Қазақстан республикасының азаматы

ДК сайланған күні – 30.05.2017 жыл (Бірыңғай акционердің 30.05.17 жылғы №348 шешімі)

 

ДК мүшесі лауазымындағы өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің қызметі Қазақстан республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысы, Директорлар кеңесі туралы ережесі және өзге де ішкі құжаттар арқылы реттеледі

 

Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі), лицензиялары:

·      Мармара университеті (Ыстамбұл қаласы, 1999)

Экономист

 

Жұмыс тәжірибесі:

·      ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі қызметкері, мұнай, газ және энергетика бөлімі бастығы, Талдау және табысты болжау департаментінің директоры (1999-2002);

·      ҚР Қаржы министрлігінің Ағымдағы табыстар басқармасы, Табыс, конвенциялар және контрактілер департаменті бастығының міндетін атқарушы (2002-2003);

·      ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Талдау және ағымдағы табыстарды болжау басқармасы бастығы (2003);

·      ҚР Қаржы министрлігінің Табыстарды сараптау департаменті директоры (2003-2005);

·      Жеке меншік компания директоры, «Рентабельді инвестицияларды зерттеу жөніндегі агенттік» ЖШС экономикалық тобының жетекшісі (2005-2008);

·      ҚР Қаржы вице-министрі (11.03.2008-04.2017);

·     ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары (04.2017 жылдан бастап)

 

Өзге қызметтері:

·   Қазақстан республикасының Басқарушылар кеңесіндегі өкілдерін Басқарушының орынбасары (28.11.2008);

·   «Өркен» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2008 жылдан бастап);

·   «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі (15.07.2008);

·    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2010 жылдан бастап);

·    «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2012)

 

Мемлекеттік және халықаралық наградалары мен сыйлықтары, атақтары:

·     «Ерен еңбегі үшін» (2012), «Қаржы қызметінің үздігі» (2012), ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медальдары (08.05.2015)

Гинтарас Кацявичюс
Тәуелсіз директор

Туған күні, айы, жылы : 22.01.1959

Азаматтығы: Литва республикасының азаматы

ДК сайланған күні – 28.03.2017 жыл (Бірыңғай акционердің 28.03.2017 жылғы №101 шешімі)

 

ДК мүшесі лауазымындағы өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің қызметі Қазақстан республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысы, Директорлар кеңесі туралы ережесі және өзге де ішкі құжаттар арқылы реттеледі

 

Комитеттерге мүшелігі:

-  Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитеті Төрағасы

- Директорлар кеңесінің Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитеті мүшесі

- Директорлар кеңесінің Стратегия және даму комитеті мүшесі

 

Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі), лицензиялары:

·      1977-1983 жылдары – дәрігер-терапевт. Каунасс медицина институты. 

·      1994-1996 жылдары – Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы диплом. Солтүстік мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Гетеборг, Швеция

 

Еңбек тәжірибесі

·      2016 жылдың сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін – Қазақстан республикасында әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі кеңесші. Қызмет ететін саласы: Міндетті медициналық сақтандыру

·      2008 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін – Литва Ұлттық медициналық сақтандыру қорының Баға және классификация департаменті директоры (2014 жылға дейін – Сақтандыруды дамыту департаменті). ММС үлгісін дамыту, стратегиялық жоспарлау, медициналық қызметтер ақысын төлеу тәсілдерін жетілдіру, медициналық қызметтерге баға белгілеу

·      2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың сәуіріне дейін – Литва Ұлттық медициналық сақтандыру қорының директоры, Қордың бас менеджері

·      2005 – 2007 – Тәуелсіз кеңесші

·      2004 жылдың тамызынан 2005 жылдың шілдесіне дейін – Жеке кеңесші, медициналық сақтандыру маманы. Молдова республикасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге техникалық көмек көрсету. Денсаулық сақтау саласына инвестиция қоры, Молдова республикасы

·      2004 жылдың тамызынан 2005 жылдың мамырына дейін – Кеңесші. Sanigest Internacional, Словакия республикасы үкіметі, Дүниежүзілік банк қаржыландырған жоба. Медициналық бақылауды қадағалау бюросын дамытуға техникалық көмек. Бюроның міндеті – міндетті медициналық сақтандыру саласындағы сақтандыру компанияларының қызметін қадағалау

·      2002 жылдың қаңтары – 2004 жылдың маусымы – Жеке кеңесші, медициналық сақтандыру маманы. Молдова республикасында міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық жұмыстарына техникалық көмек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Еуропаның Аймақтық бюросы

·      1998 жылы сәуірден 2004 жылдың тамызына дейін – Директор, Вильнюс аумақтық медициналық сақтандыру қоры, Литва

·      1996 жылдың желтоқсаны мен 1998 жылдың сәуіріне дейін – Жергілікті сарапшы. Литвада бастапқы медициналық көмекті енгізуге техникалық көмек көрсету. PHARE тарапынан қаржыландырылған жоба.

·      1992 жылдың маусымынан 1996 жылдың желтоқсанына дейін – Емхана меңгерушісі. Укмерге Орталық аудандық ауруханасы, Литва

·      1988 жылдың шілдесінен 1992 жылдың мамырына дейін – Цех терапевті. Вильнюс жылыжай комбинаты, Литва

·      1983 жылдың тамызынан 1988 жылдың маусымы – «Азотас» өндірістік бірлестігі, Ионава, Литва

 

Аймақтардағы тәжірибесі:

·      Босния және Герцеговина – желтоқсан, 2004 жыл. Міндетті медициналық сақтандыру саласындағы кеңесші. «Босния мен Герцеговинаның әлеуметтік қорғау саласына техникалық көмек» жобасы, Дүниежүзілік банк тарапынан қаржыландырылған. 

·      Молдова республикасы – 2006 жыл. Аға кеңесші, EPOS Health Consultants. Еуропалық одақтың «Бастапқы медициналық көмек саласына қызмет индикаторларын енгізу» жобасы.

·      Украина – 2009 жыл. Аға кеңесші, EPOS Health Consultants. Еуропалық одақтың «Украинада медициналық көмекті реформалауға техникалық көмек көрсету» жобасы

·      Болгария – 2010 жыл. ДДСҰ медициналық сақтандыруды реформалау жоспарларын бағалау жөніндегі кеңесшілер тобының мүшесі, «Халықаралық тәжірибені үйренеміз» семинарында баяндама жасады. 2011 жыл. ДДСҰ «Әділеттілік пен тиімділікті арттыру мақсатында Болгариядағы стационарлық медициналық қызметтер ақысын төлеу жүйесін реформалау» атты семинары, кеңесшілер тобының мүшесі. Семинарда Литваның DRG енгізу тәжірибесі жөнінде баяндама жасады.

·      Қазақстан республикасы – 2015 жыл. Кеңесші, Oxford Policy management, қаржыны бөлу және медициналық қызметтер сапасын бақылау мәселелері.

 

Қосымша мәлімет

Жарияланған материалдар

·      Health systems in Transition. Republic of Moldova. Rifat Atun, Erica Richardson, Sergey Shishkin, Gintaras Kacevicius, Mihai Ciocanu, 2008.

·      Implementing health financing reforms: lessons from and for countries in transition, edited by Kutzin J, Busse R and Schreyogg J, 2010 (one of coauthors of chapter on purchasing of healthcare goods and services).

·      Voluntary health insurance in Europe. Country experience. Edited by Anna Sagan and Sarah Thomson, WHO 2016 (co-author of chapter on Lithuania).

·      Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және міндетті медициналық сақтандыру тақырыбына арналған көптеген презентациялар. Аудиториялары: ЭЫДҰ мен ДДСҰ-ның Таллиндегі бірлескен семинары (2010), Латвия Денсаулық сақтау министріне (2013), Латвия Премьер-министріне (2013), Словения Міндетті медициналық сақтандыру институты өкілдеріне (2014), Армения Денсаулық сақтау министріне (2014), Литвадағы ЭЫДҰ делегацияларына (2015), Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріне (2015), Қырғызстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі конференция қатысушыларына.

·      «Литвада медициналық қызметтердің ақысын төлеу мақсатында DRG жүйесін енгізу» жобасының жетекшісі, Литва Ұлттық медициналық сақтандыру қоры, 2009 – 2016.                                                                                       

·      «Литва ауруханаларында әр сырқатқа шығатын шығынды есептеу жүйесін енгізу» жобасының жетекшісі, Литва Ұлттық медициналық сақтандыру қоры, 2009 – 2016.                                                          

·      ДДСҰ, ЭЫДҰ, PCSI (Patient Classification Systems International) ұйымдастырған көптеген халықаралық конференциялар, семинарлар мен тренингтер.

Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы
Тәуелсіз директор

Туған күні, айы, жылы: 21.10.1956

Азаматтығы: Қазақстан республикасының азаматы

ДК сайланған күні – 02.12.2016 жыл (Бірыңғай акционердің 02.12.2016 жылғы №1023 шешімі.)

 

ДК мүшесі лауазымындағы өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің қызметі Қазақстан республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысы, Директорлар кеңесі туралы ережесі және өзге де ішкі құжаттар арқылы реттеледі

 

Комитеттерге мүшелік:

- Директорлар кеңесінің Аудит және тәуекелдер комитеті төрағасы

- Директорлар кеңесінің Стратегия және даму комитеті мүшесі

- Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы комитеті мүшесі

 

Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі), лицензиялары:

·      С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1978)

Математика пәнінің оқытушысы

 

Ғылыми атақтары мен дәрежесі, қызметі:

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

 

Жұмыс тәжірибесі:

·      Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1978);

·      ҚР Экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1992-1993);

·      ҚР Энергетика министрлігінің басқарма бастығы, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары (1993-1995)

·      ҚР Министрлер кабинеті мен ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық реформалар орталығы жетекшісі (1995; 04.1997-1999);

·      ҚР Қаржы вице-министрі, Қаржы министрінің бірінші орынбасары (1997);

·      «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті (12.1999-05.2000);

·      ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары (05.2000-06.2001)

·      ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары (06.2001-12.2001);

·      «Сана консалтинг» фирмасының жетекшісі (12.2001-07.2003);

·      ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (07.2003-07.2004);

·      «ҚазМұнайГаз» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры (12.2004-2005);

·      Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының Басқару кеңесі төрағасы (07.2005-2007);

·      «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (06.2007-09.2007);

·      ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары (09.2013-09.2015);

·      «Эксперт Казахстан» журналының директоры (10.2015 ж бастап)

 

Өзге қызметтері:

·      «ҚР үкіметі жанындағы ұлттық талдау орталығы» АҚ төрағасы;

·      Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының басқару кеңесі төрағасы (01.2006 ж. бастап);

·      «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (02.2007);

·      Қазақстан республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (02.2007);

·      «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор (13.04.2016 ж. бастап)

 

Ғылыми және әдеби еңбектері, жарияланған материалдары:

·      Елуден астам ғылыми еңбектің авторы

Оспанов Абылайхан Есенұлы
Тәуелсіз директор

Туған күні, айы, жылы: 16.06.1986

Азаматтығы: Қазақстан республикасының азаматы

ДК сайланған күні – 28.03.2017 жыл (Бірыңғай акционердің 28.03.2017 жылғы №101 шешімі)

 

ДК мүшесі лауазымындағы өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін

ДК мүшесінің қызметі Қазақстан республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жарғысы, Директорлар кеңесі туралы ережесі және өзге де ішкі құжаттар арқылы реттеледі

 

Комитеттерге мүшелігі:

- Директорлар кеңесінің стратегия және даму жөніндегі комитеті төрағасы

- Директорлар кеңесінің Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитеті мүшесі  

- Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы комитеті мүшесі

 

Білімі, мамандығы (біліктілік дәрежесі), лицензиялары:

·      Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Ақпараттану»

·     Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Заң»

 

Жұмыс тәжірибесі:

·      Коммерциялық ұйымдардың жобаларды оңтайландыру және басқару жөніндегі  бөлімшелерінде жұмыс істеген (2006-2011);

·      ҚР Ішкі істер министрлігінде аға инженер, ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үйлестіруді бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электронды қызметтер мен ХҚКО дамыту департаментінің директоры (2011-2014);

·     ҚР Инвестиция және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасы жетекшісі (2014-01.2015);

·       «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау жетекшісі (01.2015-02.2016);

·     «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (01.04.2016-06.2016);

·     «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма мүшесі (29.2016-26.2017);

·      «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Басқарма төрағасы (26.01.2017 ж. бастап)