Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жұмыс беруші Жеке кәсіпкер Шаруа қожалығының мүшесi Шаруа қожалығының иесi Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға Жалдамалы жұмыскер Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары Өзге тұлғалар

Шаруа қожалығының иесi

ЕГЕР СІЗ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ БОЛСАҢЫЗ

 

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ? 

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап.

 

КІМ ҮШІН? 

Өзіңіз және жұмыскерлеріңіз үшін. Өзіңіз үшін Жеке кәсіпкер ретінде, жұмыскерлеріңіз үшін – Жұмыс беруші ретінде.

 

ҚАНША?

ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҮШІН  ЖАСАЛАТЫН АУДАРЫМДАР:

2017 жылы жұмыскер жалақысының 1%, 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылы – 2%, 2022 жылдан бастап – 3%

!!! Маусымдық жұмыстарда істейтіндер үшін жарна жұмыс жасаған мерзімі үшін ғана төленеді. Сондықтан Қазақстан республикасы Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағына сәйкес, еңбек келісімшартын маусымдық жұмыстарды атқару мерзіміне ғана бекітуге болады.  

Еңбек келісімшартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыскерлерге 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз бетінше, төменгі жалақының 5% немесе айына 1414 теңге көлемінде жарна төлеу қажеттігін хабарлаңыз.

 

ЖҰМЫСКЕРДІҢ БІЛГЕНІ ЖӨН :

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші өзі төлейтін аударымдарға қоса, жұмыскер жалақысының (жарна есептеу объектісінің) 1 пайызын ұстап, оның атына аударып отырады. Сонымен қатар, ай сайынғы жарна жеке тұлғаның барлық табысының жиынтық сомасынан есептеледі және оның ең жоғарғы мөлшері он бес төменгі айлық жалақыдан аспауы тиіс.   

 

ӨЗІҢІЗ ҮШІН (ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ):

2 ең төменгі жалақының 5%. 2017 ж. айына 2445,9 теңгені,  2018  жылы – айына 2828 теңгені құрайды.

 

МЕН НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?

1 қадам.

МӘМС төлемдерін банктің немесе «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы аудару.

Жарнаны ай сайын немесе бірден бірнеше ай үшін аванс түрінде (әр ай үшін төлем хабарламасы/тапсырмасы арқылы) төлеуге болады.

Жұмыс берушілерге арналған төлем коды: 121

Жеке кәсіпкерлерге арналған төлем коды: 122

 

МАҢЫЗДЫ:

Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз

 

2 қадам:

Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз

Егер ақша қайтарылмаса, Сіздің жұмыскерлеріңіз сақтандырылғандар тізіміне енгізілді деген сөз.

Егер ақша қайтарылса , деректерді қайта тексеріңіз.

 

Жиі кездесетін қателер

•        Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетілмеген

•        Мөлшерлеме қате есептелді және жарна есептеу объектісі 15 ЕТЖ асып кеткен

 

3 қадам:

Есептілікті дайындау және салық әкімшілігіне тапсыру

 

4 қадам:

Жұмыскерлеріңізге сақтандыру төлемдерінің аударылғаны туралы хабарлаңыз

 

АЙЫППҰЛДАР:

Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді.

 

МАҢЫЗДЫ:

Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды.

 

САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда);

 

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:

3) стационарлық көмек:

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.

 

МАҢЫЗДЫ:

Сақтандырылмаған азаматтар 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін емхана қызметін мемлекет есебінен тегін пайдаланады.