Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жұмыс беруші Жеке кәсіпкер Шаруа қожалығының мүшесi Шаруа қожалығының иесi Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға Жалдамалы жұмыскер Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары Өзге тұлғалар

Өзге тұлғалар

ЕГЕР СІЗ ТҰРАҚТЫ ТАБЫСЫ ЖОҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН САҚТАНДЫРЫЛАТЫН АЗАМАТТАР САНАТЫНА КІРМЕЙТІН ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЛСАҢЫЗ (Нұсқаулықты қараңыз).

 

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын

 

КІМ ҮШІН?

Өзіңіз үшін  

 

ҚАНША?

1 ең төменгі жалақының 5% немесе 2018 жылы 1414 теңге.

 

МЕН НЕ БІЛУІМ ТИІС?

1) Белгілі бір себептермен жұмыссыз ретінде тіркелуді және мемлекет тарапынан сақтандырылуды жоспарламаған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар үшін МӘМС жарнасын міндеттеме деп емес, сақтандыру пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтерді болмашы ақы төлеп алуға берілген мүмкіндік деуге болады.

Қалай болғанда да пациенттің таңдау құқығы шектелмейді. Ол: Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) пакетімен шектелсе де, қалтасынан қаржы шығарып жеке меншік клиникада емделем десе де, тиісті жарнаны төлеп, өткен 12 айдың қарызын өтеу арқылы МӘМС жүйесіне кірем десе де өзі шешеді.  

2) Міндетті сақтандыру пакетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана аласыз.

3) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз еркіңізбен таңдай аласыз. Емхананы қалай таңдайды? (Нұсқаулықты қараңыз)

 

МЕН НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?

1 қадам:

МӘМС жарналарын банктің немесе «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы аудару.

Жарнаны ай сайын немесе әр ай үшін аванс түрінде төлем хабарламасы/тапсырмасы/ арқылы төлеуге болады.

Төлем коды: 122

 

МАҢЫЗДЫ:

Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз

 

2 қадам:

Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз

Егер ақша қайтарылса , деректерді қайта тексеріңіз.

 

Жиі кездесетін қателер

•   Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетілмеген

•   Жарна мөлшері қате есептелді

 

3 қадам:

Өзіңіздің сақтандырылғандар тізімінде бар-жоғыңызды тексеріңіз:

- Оған қоса, 2018 жылы 1 қаңтардан бастап Сіз МӘМС жүйесіне жасалған төлемдерді e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тексере аласыз.

 

ҚАРЫЗ ЖӘНЕ АЙЫППҰЛДАР:

Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді.

 

МАҢЫЗДЫ:

Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды.

 

САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

 

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:

3) стационарлық көмек:

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.

 

МАҢЫЗДЫ:

Сақтандырылмаған азаматтар 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін емхана қызметін мемлекет есебінен тегін пайдаланады!