Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Жұмыс беруші Жеке кәсіпкер Шаруа қожалығының мүшесi Шаруа қожалығының иесi Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға Жалдамалы жұмыскер Азаматтардың жеңілдігі бар санаттары Өзге тұлғалар

Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға

ЕГЕР СІЗ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЛСАҢЫЗ

 

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ?

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде ай сайын

 

КІМ ТӨЛЕЙДІ?

Көрсетілетін қызметті алушы жарнаны Сіздің табысыңыздан ұстап қалады және аударады.

 

ҚАНША?

Келісімшарт бойынша алынатын табыстан 5%.

 

МАҢЫЗДЫ:

Есептеу объектісі 15 ең төменгі жалақыдан аспайды

 

МЕН НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ?

1) Қызметті алушы Сізге төленген міндетті сақтандыру жарналары туралы хабарлауы тиіс;

2) Оған қоса, 2018 жылы 1 қаңтардан бастап Сіз МӘМС жүйесіне жасалған төлемдерді e-gov.kz порталы  немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары  арқылы тексере аласыз.

 

НЕНІ БІЛУІМ ҚАЖЕТ?

1) Есеп беру кезеңі үшін жарна басқа көздерден аударылса және жарна есептеу объектісі 15 ең төменгі жалақыға жететін болса, азаматтық-құқықтық шарт бойынша МӘМС жүйесіне жарна төлемейсіз;

2) Міндетті сақтандыру пакетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана аласыз

3) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз еркіңізбен таңдай аласыз. Емхананы қалай таңдайды? (Нұсқаулықты қараңыз)

 

ҚАРЫЗ ЖӘНЕ АЙЫППҰЛДАР:

Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді.

 

САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

 

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді:

3) стационарлық көмек:

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан;

4) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.

 

МАҢЫЗДЫ:

Сақтандырылмаған азаматтар 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін емхана қызметін мемлекет есебінен тегін пайдаланады!