Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз       

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері «Нұр Отан» партиясында өткен тыңдаудың негізгі тақырыбы болды

on .

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен «Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» тақырыбында партиялық тыңдау өтті. Оған Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшысы Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко, денсаулық сақтау мәселесі бойынша партиялық тәлімгер Зәуреш Аманжолова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәжілістегі партия фракциясының және ҚХА депутаттық тобының мүшелері, вице-министрлер, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық және өңірлік медициналық орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, сарапшылар қауымдастығы мен бейнебайланыс режімінде аймақ өкілдері де қатысты.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау жұмыстары белгіленген мерзімде – 2017 жылы 1-шілдеде басталады

on .

Мемлекеттік органдар 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне төлемдер қабылдауды бастауға дайындық жұмыстарын аяқтады.

«1-шілдеден бастап төлемдерді қабылдауға кірісу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және Ұлттық банкпен бірге тиісті жұмыстар атқарылды», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева міндетті сақтандыру жарналарын қабылдауға дайындық мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Баспасөз мәслихатына сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызмет көрсету саласы департаменті директоры Жанна Оспанова, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс департаменті өкілдері қатысты.